4 қыркүйек күні кешке Алматының Бостандық ауданында қураған шөп өртенді. Өрт әл-Фараби даңғылының бойында, ҚазҰУ-ға қарама-қарсы аумақта байқалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өрт қай жерде шықты?
Куәгерлердің айтуынша, жалын әл-Фараби даңғылы жақтан анық көрінген. Төтенше жағдайлар департаменті өрттің Байшешек көшесіндегі қураған шөптен шыққанын мәлімдеді.
Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, алматылықтардың назарын аударды.
Өрт бірнеше минутта сөндірілді
Оқиға орнына екі мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жетті. Жалынды ауыздықтауға 19 құтқарушы мен бес техника жұмылдырылды.
Сағат 19:56-да өрттің таралуы тоқтатылып, 20:05-те толық сөндірілді.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.