Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы бірден 2,08 теңгеге төмендеді. Еуро мен рубль де арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауда нәтижесі

7 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 454,27 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 2,08 теңге төмен.

Еуро бағамы 527,52 теңгеге дейін түсіп, 3,89 теңге арзандады. Қытай юанының бағамы 67,6 теңге болып, 0,3 теңгеге төмендеді. Рубль де арзандап, 5,2 теңге болды. Оның бағамы 0,02 теңгеге төмендеді.

Сауда қорытындысы

Доллар бойынша сауда-саттық көлемі 378,38 млн бірлік болды. Еуро бойынша 3,48 млн бірлік, Ресей рублі бойынша шамамен 4,3 млрд бірлік, ал Қытай юані бойынша 71,9 млн бірлік көлемінде сауда жасалды.

Шетел валюталары нарығындағы сауда-саттыққа 24 қатысушы қатысты.