Латын қарпіне көшу кейінге қалдырылды: әліпби төртінші жыл қатарынан әзірленіп жатыр

Сырым Қаржас
Abai.kz

Қазақстанда қазақ тілін латын графикасына көшірудің нақты мерзімі әзірше белгіленген жоқ. Жаңа әліпби жобасы мен орфографиялық ережелер әлі де пысықталып жатыр. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Министрдің айтуынша, мемлекет жаңа әліпби нұсқасын ресми түрде бекітпейінше, мектептер мен басқа да ұйымдарда латын графикасының әртүрлі нұсқасын қолдануға болмайды.

– Бұл жобалар нормативтік құжаттармен бекітілмейінше, латын графикасын әртүрлі нұсқада қолданудың қажеті жоқ, – деді Сүлейменова.

Әліпбидің кейінгі жобасын ғалым-лингвистер Ұлттық комиссияға 2022 жылы ұсынған. Сол кезде жоба қайта пысықтауға жіберілген. Алайда жұмыс әлі күнге дейін жалғасып жатыр және оның қашан аяқталатыны әзірше белгісіз.

Контекст

Бұған дейін лингвист Қазақстанның кириллицадан бас тартуының негізгі себептерін атаған.