Алматы мен облысында 12 қыркүйектен бастап жарық қымбаттайды

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Алматы және Алматы облысының тұрғындары электр энергиясы үшін енді көбірек төлейді. Жаңа тарифтер 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

Қарапайым тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергиясының құны ҚҚС-ты қоса есептегенде 1 кВт/сағ үшін 37,92 теңге болады. Алайда нақты төлем отбасының қанша электр энергиясын тұтынатынына байланысты.

Жеке тұлғалар үшін тұтынудың үш деңгейі сақталады:

  • бірінші деңгей – 1 кВт/сағ үшін 34,28 теңге;

  • екінші деңгей – 45,51 теңге;

  • үшінші деңгей – 56,89 теңге.

Белгіленген көлемнен артық электр энергиясын тұтынған сайын әрбір келесі киловатт-сағаттың бағасы өсе түседі.

Тариф неге көтеріледі?

«Энергосбыт» компаниясы тарифтің өсуін электр энергиясын сатып алу құнының өскенімен түсіндірді. 15 шілдеден бастап электр энергиясын сатып алу бағасы 23%-ға өсіп, 1 кВт/сағ үшін 13 теңгеден 16 теңгеге дейін көтерілген.

12 қыркүйектен бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы ҚҚС-ты қоса есептегенде 1 кВт/сағ үшін 45,59 теңге болады.

Электр энергиясын тұрмыстық емес мақсатта пайдаланатын тұтынушылар үшін тариф – 50,03 теңге.

Мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекет қатысатын бірқатар компаниялар үшін тариф 50,38 теңге болады.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы кәсіпорындар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер және басқа да бірқатар ұйымдар үшін электр энергиясының бағасы 1 кВт/сағ үшін 45,59 теңге болып белгіленді.