Елдің кей өңірінде күн суытып, жаңбыр жауады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

9 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанның батыс өңірлеріндегі ауа райына циклон ықпал етеді. Оның әсерінен жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендейді.

Еліміздің қалған аумағында жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Солтүстік, орталық, оңтүстік өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады.

Қазақстанның шығысында антициклонның сілемі әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы қалыптасады.

Батыста түнде ауа температурасы +7…+16 °C-қа дейін, күндіз +13…+23 °C-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде +5…+15 °C, күндіз +15…+25 °C болады.

Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.