Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: үш күн бойы жаңбыр мен жел күшейеді

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді. 10-12 қыркүйек аралығында елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен солтүстік пен батыста күн салқындап, температура төмендейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Қай өңірлерде күн суытады?

Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +13…+23°С-қа дейін төмендейді. Орталықта +15…+25°С шамасында болады.

Батыста циклон өткеннен кейін ауа райы біртіндеп тұрақтана бастайды. Температура +20…+28°С-қа дейін көтеріледі.

Қай жерде жылы болады?

Қазақстанның оңтүстік-шығысында әзірге жазғы ауа райы сақталады. Бұл өңірлерге жаңбыр тек 12 қыркүйекте жетеді.

Контекст

Бұған дейін 9 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанның батыс өңірлеріндегі ауа райына циклон ықпал ететінін жазғанбыз. Оның әсерінен жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендейді.

Еліміздің қалған аумағында жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Солтүстік, орталық, оңтүстік өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады.