Алматыда жолаушылар автобусы жанып кетті

Ulysmedia

Қаланың Медеу ауданында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД

Төтенше жағдай бүгін, таңғы сағат 08:27 шамасында болған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. Өрт 25 шаршы метрді шарпыған.

«Өрт сөндіру бөлімшелері Медеу ауданы, Төле би көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолының қиылысына жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде «Лиаз» маркалы автобус жанып жатты. Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт басталған кезде салонында жолаушылар болмаған»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 08:45-та ауыздықталып, бес минутта толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.