Шымкентте TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған төрт блогер әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Бұл жайтты полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тікелей эфирге шыққандар қоғамдық тәртіпті әдейі бұзып, бейәдеп сөздер қолданған.
Полиция жауаптыларды анықтады. Олар - әлеуметтік желіде «Белый тигр» деген атпен танымал 31 жастағы Бексұлтан Аппаз, 22 жастағы Самат Әмір («Сампо»), 25 жастағы Нұрғазы Жолдас және 26 жастағы Ерасыл Жұмағұл.
Олардың барлығы Шымкенттегі жалдамалы пәтерде болған.
Блогерлерге қандай жаза берілді?
Сот әрқайсына әкімшілік қамау жазасын тағайындады:
Полиция әлеуметтік желілерді бақылау жалғасатынын мәлімдеді.
Ведомство қаралым мен аудитория жинау үшін заңға қайшы әрекетті көпшілік алдында көрсету жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Хан Шатыр маңында мысырлық блогермен бірге билеген полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуын орынды шешім деп атаған еді.