Талдықорғанда әйел адам күйеуімен болған жанжалдан кейін полицияға жүгінді. Оның айтуынша, күйеуі ұрып, қорқытқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіде тараған видеода үйдің ауласында жартылай жалаңаш ер адам әйелді қуып жүргені көрінеді.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабар 2 қазанда түскен. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына барып, ер адамды ұстады.
Ұстау кезінде одан пневматикалық қару табылып, тәркіленді.
Дене жарақатын келтіру және қорқыту деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылып, оларға қажет көмек көрсетілді.
Полицияның мәліметінше, бұған дейін әйел мұндай жағдайға байланысты құқық қорғау органдарына арызданбаған.