8 қазанда қай өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады

Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстандағы 8 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бейсенбі, 8 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр қар аралас жауады. Шығыста көктайғақ болуы мүмкін.

Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыста түнгі ауа температурасы +5…+16 °C, күндіз +17…+22 °C-тан +22…+27 °C-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнгі температура +3…+13 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +10…+17 °C болады.

Шығыста түнде ауа температурасы 0…+8 °C аралығында болады. Күндіз температура +10…+15 °C-тан +2…+7 °C-қа дейін төмендейді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +3…+10 °C, таулы аймақтарда 2 °C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +17…+25 °C, таулы жерлерде +12…+17 °C болады.