Алматыда танымал актер әрі режиссер Досхан Жолжақсыновтың мерейтойы өтті. Қазақстанның халық әртісі 75 жасқа толған туған күнін қаладағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда, мерейтой иесін құттықтауға еліміздің саясат және бизнес саласындағы танымал тұлғалары жиналған. Қонақтар арасында Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, бұрынғы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, ағайынды Нығматулиндер, Тамара Дүйсенова, Дархан Қалетаев және экс-сенатор Қуаныш Сұлтанов болған.
Мерейтой барысында сөз алған қонақтар Досхан Жолжақсыновтың өнердегі таланты мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесін ерекше атап өткен.
Сондай-ақ, кеште Димаш Құдайберген орындайтын әндердің бірінің сөзін Досхан Жолжақсынов жазғаны да айтылған.
Досхан Жолжақсынов – қазақстандық театр және кино актері, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Ол 1951 жылы 7 қазанда дүниеге келген.
Өнер иесі көрерменге «Даладағы қуғын», «Көшпенділер» және «Біржан сал» фильмдеріндегі рөлдері арқылы кеңінен танымал.