Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Кездесу барысында президент мәслихаттардың толыққанды жұмыс істеуі азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді.
Бектенов пен Дәдебай өз ұсыныстарын жеткізді
Конституцияның 88-бабының 5-тармағына сәйкес өткен консультациялар барысында премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
Түпкілікті шешімді президент қабылдайды
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және консультация барысында айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.
Әзірге барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы түпкілікті шешім жарияланған жоқ.