Алматы полициясы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жаппай уланғаннан кейін қылмыстық іс қозғады. Тергеуді Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Оқиғаның мән-жайы тергеу амалдары мен санитариялық-эпидемиологиялық тексеру қорытындысы бойынша анықталады.
12 және 13 қазанда РФММ-нің ондаған оқушысы ішек инфекциясымен ауруханаға түскен. Барлығы 48 бала ауруханаға жатқызылды. Олардың басым бөлігі мектеп-интернат тәрбиеленушілері болған.
Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіп, Master Food компаниясы қызмет көрсеткен асханадан бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, азық-түлікті сақтау талаптары бұзылып, құжаттары жоқ сүт өнімдері табылған.
Осы жағдайға байланысты мектеп пен интернаттың жұмысы тоқтатылды.