Үкімет ең төменгі жалақыны әзірше көтермейді, бірақ бұл түпкілікті шешім емес

ашық дереккөз

Бұл туралы Құрылтайда өткен брифинг кезінде ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Серік Жұманғариннің айтуынша, Құрылтайға ұсынылған бюджет жобасында ең төменгі жалақы мөлшері қазіргі деңгейде, яғни айына 85 мың теңге болып белгіленген.

Алайда оның сөзінше, бұл мәселе әлі де депутаттармен, сарапшылармен және Президент әкімшілігінің өкілдерімен талқыланып жатыр.

– Бұл – көптеген салдарға әкелуі мүмкін өте маңызды мәселе. Сондықтан мұндай шешімдерді жан-жақты таразылап, байыппен қабылдау қажет, – деді Серік Жұманғарин.

Контекст

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ең аз жалақыны кімдер алып жүргенін жазған едік.