Елімізде зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Ulysmedia коллажы

Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу жеңілдетілді. 24 қазаннан бастап азаматтар бір өтініш арқылы бірден үш төлемді: БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақыны, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақыны тағайындай алады. Бұған дейін әр төлем үшін бөлек өтініш беру қажет болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не өзгерді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі композиттік қызметті енгізді, яни бірнеше мемлекеттік қызмет бір өтініш негізінде көрсетіледі. Зейнет жасына жеткен азамат бұл қызметті пайдалануды немесе құжаттарды әрқайсысына бөлек тапсыруды өзі таңдай алады.

Жаңа тәртіп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 390 бұйрығымен бекітілді.

Құжаттардан қате табылса, не болады?

Өтініш беру кезінде қателер анықталса да, құжаттар қабылданады. Өтініш беруші цифрлық кезек парағына енгізіліп, қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама алады.

Қателерді түзету үшін жасына байланысты зейнетақы бойынша 10 жұмыс күніне дейін, ал базалық зейнетақы төлемі бойынша 8 жұмыс күніне дейін уақыт беріледі. Бұл кезең қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі еңбек өтілі енді орталықтандырылған деректер базасы арқылы расталады. Егер жарналар толық аударылмаса немесе кешіктірілсе, еңбек өтілін қосымша құжаттармен растауға болады.