Алматы тұрғындары мен Шымбұлаққа баруды жоспарлаған туристер сапар уақытын өзгертуіне тура келеді. 19-22 қазан аралығында Медеуден тау курортына дейінгі жол көліктер мен жаяу жүргіншілер үшін толық жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Шектеу дүйсенбіден бейсенбіге дейін төрт күн бойы күшінде болады.
«Горельник» визит-орталығы маңында диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізгіш құбыр орнату жұмыстары жүргізіледі, деп ескертті Алматы әкімдігі.
Жұмыс жүргізілетін уақытта Медеу – Шымбұлақ жолындағы қозғалыс толығымен тоқтатылады. Шектеу көлік жүргізушілеріне де, тауға жаяу көтерілуді әдетке айналдырған адамдарға да қатысты болады.
Алматы тұрғындары мен туристерден осы бағыттағы сапарлары мен серуендерін жоспарлау кезінде жолдың жабылуын алдын ала ескеру сұралды.