Қазақстандық балуандар U23 әлем чемпионатының командалық есебінде екінші орын алды

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 жас санатындағы әлем чемпионатын аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Отандастарымыз бес медаль жеңіп алды. Оның ішінде екеуі - алтын, біреуі - күміс және екеуі - қола.

Айбек Айтбеков (60 келі) және Юсуф Ашрапов (72 келі) бірінші орын алса, Темірлан Тұрдақын (87 келі) екінші, ал Арсен Жұма (55 келі) және Джохар Узаров (130 келі) үшінші сатыдан көрінді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 114 ұпаймен екінші орынға ие болды. Иран 119 ұпаймен көш бастаса, Ресей 105 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.