Алматының Алмалы ауданында кәсіпорындардың біріне тиесілі аумақта өрт шықты. Қоймада тұтанған жалын іргелес орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимаратқа да шарпыған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жамбыл көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама 112 қызметіне түскен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар екі қабат етіп орналастырылған 40 тонналық контейнерлерден жасалған қоймалардың өртеніп жатқанын анықтаған.
Өртті сөндіру оңайға соқпаған. Қойма ішіндегі температураның жоғары болуы және онда сақталған заттардың көптігі өрт ошағына жетуді қиындатқан.
Соған қарамастан, өртсөндірушілер жалынды толық ауыздықтады. Өрт шарпыған аумақ - 280 шаршы метр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.