Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Финалда ол түркиялық Бекир Кесерден басым түсті.
Мерей Базарбаев финалға дейін жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы, америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен, франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңді.
Ал жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсті.
Контекст
Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік.