Астанада күн суытады, Алматы мен Шымкентте ауа температурасы +23 градусқа дейін көтеріледі

Shutterstock

Синоптиктер еліміздің ірі қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +1...+3°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +18...+20°C болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +21...+23°C болады.