Қазақстан халқы Республика күніне орай қанша күн демалады

Ulysmedia коллажы

Қазақстанда 25 қазанда атап өтілетін Республика күні жақындап келеді. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қатарынан үш күн демалыс

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады. Жұмысқа 27 қазан, сейсенбі күні шығады.

Алты күндік жұмыс аптасында 25 және 26 қазан демалыс күндері болады. 24 қазан, сенбі – жұмыс күні.

Демалыс күні неге ауыстырылады?

Республика күні Қазақстанның ұлттық мерекелерінің қатарына кіреді. Заңға сәйкес, мереке күні әдеттегі демалыс күніне сәйкес келсе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Республика күні осы тарихи оқиғамен байланысты.

2022 жылы Республика күні қайтадан ұлттық мереке мәртебесіне ие болды.