Алматыда үш университеттің студенттері эвакуацияланды

uib.edu.kz

Алматыда полиция жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламалардан кейін үш университетті тексерді. Оқиға орнына шұғыл қызметтер жіберілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Бұған дейін Халықаралық бизнес университетінің (UIB) студенттері оқу орнының электрондық поштасына ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабарлама келгенін айтқан. Осыдан кейін студенттер ғимараттан уақытша эвакуацияланды.

Кейін осындай хабарламалар тағы екі университетке қатысты түскені белгілі болды.

Полиция не дейді?

– Алғашқы әрекет ету шаралары аясында аталған нысандарға шұғыл қызметтер жіберілді. Қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, ғимараттар мен оларға іргелес аумақтар жан-жақты тексерілді, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті Ulysmedia.kz редакциясына.

Тексеру қорытындысы бойынша, ғимараттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Ғимараттар мен оларға іргелес аумақтардан ешқандай қауіпті зат табылған жоқ.