Алматыдағы тағы бір базар бұзылып жатыр

Алматы әкімдігі

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында орналасқан «Жетысу-Семиречье» базарын бұзу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Базар тексерістен өтпеді

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, сауда орындарын «Статус Construction» ЖШС салған. Тексеру кезінде компанияның құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмағаны анықталды. Заңсыз салынған нысандардың жалпы ауданы –  56,4 мың шаршы метр.

Нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда ол талапты орындамағандықтан, шенеуніктер сауда орындарын бұзу туралы талаппен сотқа жүгінді.

– Алматы сотының қаулысымен заңсыз нысандарды бұзу туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Материалдар орындау үшін Әділет департаментіне жолданды. Сот шешімін орындау мақсатында нысандарды бұзуды меншік иесі өз еркімен бастады, – деп хабарлады әкімдік.