АҚШ-тың Хьюстон қаласының мэрі қазақстандықтарға қала өміріне қосқан үлесі үшін алғыс айтты

senate.parlam.kz

АҚШ-тың Хьюстон қаласының мэрі Джон Уитмайр қаладағы қазақ қауымын Республика күнімен құттықтады. Қаланың мөрі басылған құжатта ол қазақстандықтар мен қазақ-америкалықтардың Хьюстонның мәдени өміріне қосқан үлесін атап өтті. Бұл туралы Texas Qazaq Foundation ұйымы хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мэр не жазды?

Қала басшысы Texas Qazaq Foundation ұйымының жұмысына да арнайы тоқталды. Ол ұйымға қазақ мәдениетін сақтап, қауымдастықтарды біріктіріп жүргені үшін алғыс білдірді.

Хьюстон – АҚШ-тағы халқы ең көп төртінші қала. Былтыр Уитмайр 16 желтоқсанды қалада Қазақстанның Тәуелсіздік күні ретінде ресми түрде мойындаған еді.

Фото: facebook.com/askhat.soltanov

Қазақ қауымы туралы не деді?

Texas Qazaq Foundation ұйымының пікірінше, қазақ қауымы Хьюстонның қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар, құрметке ие қауымдастыққа айналған.

– Бұл күшті диаспора қалыптастыру жолындағы шағын болғанымен, өте маңызды қадамдар шығар. Шетелде лайықты деңгейде өкілдік етпей, қуатты әрі табысты ұлт болуды елестету мүмкін емес, – деп жазды кәсіпкер Асхат Солтанов.