Жұма, 23 қазанда Қазақстан аумағына суық антициклон ықпал етіп, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Ауа температурасы да төмендейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Солтүстік өңірлерде күн күрт суытып, жауын-шашын жауады, көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы 0…−7 градусқа дейін төмендеп, күндіз −1…+5 градус аралығында болады.
Орталықта екпінді жел соғып, тұман түседі, жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде −3 градусқа дейін төмендесе, күндіз +4…+8 градусқа дейін көтеріледі.
Шығыста жауын-шашын, боран және көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0…−6 градус аралығында болса, күндіз 0…+5 градус болады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Күндіз ауа температурасы +10…+18 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс өңірлерде айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +13…+22 градусқа дейін жетеді.