Қырғызстанда депутат алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

kaktus.media

Қырғызстанда Бішкек қалалық кеңесінің «Жаны куч — Новая сила» фракциясынан сайланған депутаты Таалайбек Жакыпов ұсталды. Оған алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр. Сот депутатты үйқамаққа жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот қандай шешім шығарды

Депутаттың ұсталғаны туралы Kaktus.media басылымына құқық қорғау органдарының өкілдері хабарлаған.

Таалайбек Жакыпов қалалық кеңестің 28 және 29-шақырылымдарының депутаты болған. Бішкектің Октябрь аудандық соты 22 қазанда оны 2026 жылғы 20 желтоқсанға дейін үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Депутат сот залында қамаудан босатылды.

Үйқамақ кезінде Жакыпов күн сайын сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін үйінен шыға алмайды. Сондай-ақ тергеушілер мен соттың алғашқы шақыруы бойынша келуге міндетті. Тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз Бішкек қаласынан шығуына тыйым салынды.

Соттың мәліметінше, бұлтартпау шарасын таңдағанда жәбірленушінің арызы ескерілген. Сонымен қатар депутаттың жеке басы мен тұрғылықты жері анықталғаны да назарға алынған.

Істің мән-жайы мен келтірілген шығын көлемі әзірге жарияланған жоқ.

Контекст

Бұған дейін Қырғызстанда Бішкек қалалық кеңесіне сайлау қарсаңында «Социал-демократы» партиясының мүшелері ұсталған еді. Партия төрағасының орынбасары Кадыр Атамбаев мұны саяси қудалау деп атады.

Партияға сайлаушылардың дауыстарын сатып алу дерегі бойынша іс қозғалып, сайлау комиссиясы оны сайлау науқанынан шеттетті.