Республика күні қарсаңында негізгі валюталардың бағамы қалай өзгерді

Ulysmedia коллажы

23 қазанда, мерекелік демалыс алдындағы соңғы сауда күнінде Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар 4,02 теңге қымбаттап, 452,11 теңгеге жетті. Алайда бір апта ішінде оның бағамы сәл төмендеді. Ал рубль осы уақыт аралығында шамамен 4% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір аптада валюта бағамы қалай өзгерді

Бір апта бұрын, 16 қазанда, сауда қорытындысы бойынша доллар 452,51 теңге болды. Осы аптаның ортасында теңге нығайды. 21 қазанда доллар 448,30 теңгеге, ал 22 қазанда 448,09 теңгеге дейін арзандады. Жұма күні оның бағамы қайтадан 450 теңгеден асты.

Нәтижесінде бір аптада доллар 0,40 теңгеге арзандады. Еуроның бағамы да 509,38 теңгеден 506,55 теңгеге дейін төмендеді. Дегенмен жұма күні ол 3,36 теңгеге қымбаттады. Қытай юані де 67,80 теңгеден 67,68 теңгеге дейін арзандады.

Бір аптада ең көп қымбаттаған валюта – рубль. 16 қазанда оның бағамы 5,41 теңге болса, 23 қазанда 5,61 теңгеге жетті.

Жұма күні доллармен жасалған сауда көлемі 502,33 млн доллар болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 56 млн долларға көп.

Алда мерекелік демалыс

25 қазанда Қазақстан Республика күні атап өтіледі. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады. Қор биржасындағы келесі сауда 27 қазан, сейсенбі күні өтеді.

Айырбастау пункттеріндегі бағам

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 453–454,5 теңгеден сатып алынып, 454,7ө457 теңгеден сатылып жатыр. Бір апта бұрын оны 453,7-454,5 теңгеден сатқан.

Еуро 503-507 теңгеден сатып алынып, 508ө510 теңгеден сатылуда. Рубльді 5,4ө5,47 теңгеден сатып алып, 5,48-5,6 теңгеден сатуда.

Астанада доллар 450 теңгеден сатып алынып, 457 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 504 теңгеден сатып алып, 514 теңгеден сатуда. Рубльдің сатып алу бағамы – 5,4 теңге, сату бағамы – 5,6 теңге.