Алматыда алғашқы үгіт-насихат митингі өтеді

Ulysmedia

Белсенді Әлнұр Ільяшев Алматыдағы Ганди саябағында келісілген бейбіт шеру өтетінін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Бұл бүкіл Қазақстан бойынша бірінші науқан болмақ», - деді Әлнұр Ілияшев.

Іс-шара сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін өтеді. Мәжіліске де, мәслихатқа да үміткерлер шығады.

Еске салайық, 18 ақпанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына үгіт-насихат жұмыстары басталды. Сайлау 19 наурызда өтеді.