Ақтөбе облысында жол апатынан дәрігер қаза тауып, жалғыз ұлы өзіне қол жұмсады

Ulysmedia коллажы

Ақтөбе облысында бір отбасының басына ауыр қайғы түсті. Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігері Назгүл Қантөренова жол апатынан көз жұмды. Кейін оның жоғары оқу орнында білім алған жалғыз ұлының да қайтыс болғаны белгілі болды. Анасы мен ұлын бірге жерлейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жол апаты тасжолда болған

Жол-көлік оқиғасы 23 қарашада Жұрын ауылының маңында болған. Әйел 9 қарашадан бастап еңбек демалысында жүрген.

– Қандыағаш – Шалқар автожолында Жұрын ауылының маңында Renault автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті жол жиегіне шығарып алып, аударылып кеткен. Апат салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Анасы мен ұлы бірге тұрған

Отбасын танитын адамдардың айтуынша, Назгүл Қанторенова жалғыз ұлын тәрбиелеген. Ол жоғары оқу орнында білім алған. Анасы мен ұлы екеуі ғана бірге тұрған.

Әйелдің қазасынан кейін ұлының да өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайын тергеу анықтайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сізге қызық болуы мүмкін