×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Жаңа ереже: Sputnik V вакцинасын алғандар АҚШ-қа кіргізілмейді

28.09.2021, 23:36
ашық дереккөз

АҚШ өткен аптада пандемия басталғаннан бері бірінші рет әлемнің түкпір-түкпірінен келушілерге шектеулерді жеңілдетіп, вакцина ектірген шетелдік саяхатшыларға есігін ашатынын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

washingtonpost.com-ның мәліметінше, қараша айында күшіне енетін жаңа ереженің Sputnik V вакцинасын қабылдағандарға қатысы жоқ.

АҚШ-тың Саяхат қауымдастығының мәліметі бойынша, дипломатиялық қатынастары керемет болмаса да 2019 жылы АҚШ-қа 300 000 ресейлік азамат саяхаттап барған.

«Ресейлік саяхатшылар мен Sputnik V  вакцинасын ектірген басқа да мемлекеттің адамдары үшін бұл үлкен мәселе», - дейді Вирджиния Достастық университетінің профессоры  Джудит Твигг.

АҚШ-тың жаңа ережесі бойынша, бұл жаққа келгісі келетін адам АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайда қолдануға рұқсат етілген вакцинаны егуі керек. Бұған Pfizer мен Moderna шығарған вакциналар, сондай-ақ Sinopharm және Sinovac сияқты қытайлық фирмалар жасаған вакциналар кіреді.

Серіктес жаңалықтары