Досаев Жанболат Мамайдың жұбайына пикет өткізуге рұқсат бермей қойды

Ulysmedia

Алматы әкімдігі тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболатай Мамайдың жұбайы Инга Иманбайға Украинадағы соғыстың басталғанына 1 жыл толуына орай жеке пикет өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

"Бізде "хабарлама " жүйесі бар, бейбіт жиналыстар өткізуге болады деп кім айтты? Іс жүзінде әлі күнге дейін рұқсат беру жүйесі жұмыс істейді, кімге бейбіт жиналыс өткізуге мүмкіндік беру керегін билік шешеді шешеді", – деп жазды Инга Иманбай желідегі парақшасында.

Журналистің айтуынша, Алматы әкімі Ерболат Досаев  бес жұмыс күні ішінде емес, төрт жұмыс күні ішінде өтініш берілді деген сылтаумен рұқсат бермей қойған.

"Пикетке бес күн қалғанда әкімдік менің жеке пикетіме дайындалып үлгереді екен де, төрт күн ішінде үлгермей ме? Мен сенбіде өтініш бердім, әкімдік ол күні де жұмыс істейді. Жалпы, бюрократиялық кідірістер әдеттегідей сылтау ретінде пайдаланылады", - деп атап өтті Иманбай.

Белсендінің пікірінше,"билік  осындай қиын кезеңдерде әлдекімнің украин халқына көпшілік алдында қолдау көрсеткенін қаламайды".

"Үнсіз қалмаймын. Әкімдік көшеде пикет өткізуге рұқсат бермесе, мен оны штабта, кабинетте өткіземін және бейбіт жиналыста айтқым келгенді айтамын. Соғыс тоқтатылсын! Украинаны қолдайық!", – деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға басып кіріп, 1 жыл бойы өзінің басқыншылық әрекеттерін “әскери операция” деп атаудан танбай келеді.

Бұдан бұрын Инга Иманбай 24 ақпан – бұл Украина үшін ғана емес, тәуелсіз және гүлденген мемлекетте өмір сүргісі келетін Қазақстан азаматтары үшін де маңызды күн екенін айтқан болатын.