Апатты жағдайда қонған тікұшақ: 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті

Ulysmedia

Соңғы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, ТЖМ-ның құтқару тобы Оралда апатты жағдайда қонған тікұшаққа барды. Авиациялық оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған.

Мұның алдында оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алғаны хабарланған болатын. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол кезде құрбан болғандар жоқ делінген.

Азаматтық авиация комитетінің ұжымы қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.