×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Маңғыстауда ақбөкен атып, мемлекетке миллиард теңге залал келтіргендер ұсталды

25.02.2023, 10:50
Ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Маңғыстауда ақбөкен атып, мемлекетке миллиард теңге залал келтіргендер ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыс түрлеріне қарсы күрес іс-шараларын жүргізу аясында қылмыстық «кәсіптің» жолын кесуді жалғастыруда. Осылайша, 2023 жылғы қаңтар айында ҰҚК прокуратура органдарымен бірге арнайы операция барысында киіктің мүйіздерін заңсыз өндіру және сату арнасын ұйымдастыруға қатысты адамдар тобын қылмыстары үстінде қолға түсірді”, – деп жазды ведомстводан.

Құнды тауардың ірі партиясын саудалау әрекеті кезінде Маңғыстау өңірінің қылмыстық әлеміне қатысы бар бұрын сотты болған екі адам ұсталды. 

Мемлекетке 1 млрд теңгеден аса залал келтірілгенін және Қазақстандағы ақбөкендердің таралуына едәуір кері әсерін тигізгендерін дәлелдейтін айғақтар жинақталды. 

ҰҚК мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша заңға қайшы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары