Алматыда қараусыз қалған бункерден артиллериялық снаряд табылды

Ulysmedia

Алматыда қараусыз қалған бомба қоймаларының бірінен артиллериялық снаряд табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Полицейлердің мәліметінше, оқ-дәрі Сейфуллин даңғылындағы бұрынғы зауыттан анықталған. Бизнес орталықтың күзетшісі қараусыз қалған бункерді тексеріп жүріп, қауіпті затқа тап болды.

Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына қаланың барлық жедел қызметтері келді. Патрульдік полиция инспекторлары көлік қозғалысын жапты.

Саперлер мен арнайы үйретілген итпен кинологтар ғимаратты тексерді. Бөлмелерді толық тексеруге бірнеше сағат жұмсалды, алайда басқа қауіпті ештеңе табылмады.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.