Доллар екі күнде 9,5 теңгеге арзандады

Ulysmedia

Қазақстанда доллар бағамы төмендеуі жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Доллардың орташа сараланған бағамы 5,98 теңгеге төмендеп, 435,69 теңгені құрады. 2 наурыздағы жағдай бойынша доллар бағамы 3,5 теңгеге төмендеп, 442,11 теңге болды. Жалпы, соңғы екі күнде америкалық валюта бағамы 9,5 теңгеге арзандады.

Алматының айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы – 433,72 теңге, сату – 438,13 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 433,97 теңгеден сатып алынып, 438,25 теңгеден сатылуда.