Құтқарушылар Алматы тауларына шықпауға шақырды

Ulysmedia

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Ашық дереккөз

 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» ескертуі негізінде 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады.

«Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн. Мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс. Егер тауда сізге көмек қажет болса 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 (ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалыңыз», - деп ескертті департаменттен.