Қырғызстанда жер сілкінді

Ulysmedia

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz

ашық дереккөз

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 29 қыркүйек күні 19:41-де жер сілкінісін болғанын анықтады.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 536 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 9.9. MPV магнитудасы 4.1. Бағыты 40.19°с.е. 71.87° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.