50-ден астам адам жарақат алды, 66-сы қамалды: Тбилисидегі наразылықтардан кейін не болып жатыр?

Ulysmedia

Грузияның Ішкі істер министрлігі полицияның 66 адамды ұстағанын хабарлады - оларға ұсақ бұзақылық және полицияға бағынбады деген айып тағылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Министрлік бейбіт наразылық акциясын зорлық-зомбылыққа айналдыруға ықпал еткен және ұйымдастырған барлық адамдардың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға береді», - деді Грузия ІІМ.

Сондай-ақ шерулер кезінде 50-ге жуық полицейдің жарақат алғаны белгілі болды. Кейбіреулері шұғыл ота жасауды қажет етті. Зардап шеккендер арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық білдірушілерді қолдап, олар бүгінде азат Грузияның өкілі екенін айтады.

«Өз болашағын Еуропада көретін Грузия ешкімге бұл болашақты тартып алуға құқық бермейді. Бұл заң қандай түрде болса да жойылуы керек. Мен оған вето қоямын», - деді президент.

Бұқаралық ақпарат құралдары да бүгін, 8 наурызда жаңа наразылық акциялары өтетінін жазып жатыр. Алғашқы күндегіден әлдеқайда көп адам болады деп күтілуде.

Бұған дейін Грузия астанасының көшелерінде түні бойы шерулер мен наразылықтардың басылмағаны хабарланған болатын. Себебі, депутаттар бірінші оқылымда «шетелдіктер туралы заңды» қабылдады, бұл Грузия тұрғындарына аса қатты ұнай қоймайды.

Грузиндер бұл жобаға өте наразы, өйткені ол Ресей Федерациясының заңына қатты ұқсайды. Сондай-ақ олар бұл заңның қабылдануы оларды ЕО-дан алшақтатады деп есептейді.