Цифрлық активтерді шығаратын жауапты тұлғалар қаржылық мониторингпен бақылауға алынады

Аян Өрібай

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы күреске бағытталған заң жобасында осындай тәртіп көзделген. Заң жобасы мәжілістің бүгінгі отырысында қаралып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

фото: Ашық дереккөзден

«Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қаржы мониторингі субъектілеріне жатқызу керек», - деді заң жобасын мәжілісте оқыған депутат Сергей Симонов.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған адамдарға қаржы мониторингі субъектілері мәртебесін беру көбінесе цифрлық манипуляциялар арқылы жасалатын заңсыз ақша қаражатын жылыстатудың жолын кеседі. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін цифрлық қызметтер саласында туындайтын қатерлерге, виртуалды платформаларды заңсыз пайдалануға дайындауға мүмкіндік береді.