Қытай елімізбен автомобиль өткізу пунктерін уақытша жабады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қытайда мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы», «Достық-авто» және «Бақты» өткізу пунктері 2021 жылғы 1-3 қазанда жабық болады, дейді қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
Бұдан басқа Қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындалуына байланысты «Бақты» өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазанда да жабық болады.
Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушылар көршілес елдегі мерекелік шараларға байланысты өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы тиіс.