×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Біз Қазақстанның Украинаға қатысты ұстанымын жоғары бағалаймыз – Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі

18.03.2023, 12:30
Ашық дереккөз

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Астанадағы баспасөз мәслихатында Украинадағы соғыс туралы айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі өз елінің Қазақстан тарапынан Украинаның аумақтық тұтастығын қолдауын жоғары бағалайтынын айтты.

"Ресейдің Украинадағы соғысы және оның территориясының бір бөлігін аннексиялау әрекеті БҰҰ Жарғысының қағидаттарын бұзу болып табылады. Бұл украин халқының өз болашағын таңдаудағы негізгі құқықтарын жоққа шығару дер едім. Ұлыбритания Қазақстанның тұрақты және принциптілігін жоғары бағалайды. Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтын ұстанымын жоғары бағалаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ дипломат Ұлыбританияның Қазақстанды тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап болашағын құратын тәуелсіз және егемен ел ретінде құрметтейтінін айтты.

"Біз, Будапешт хаттамасына қол қойған үш елдің бірі, Қазақстанның егемендігі үшін орасан зор ядролық әлеуетінен бас тартқанын және ядролық қауіпсіздік мәселелерінде өзінің көшбасшылығын көрсетіп жатқанын түсінеміз. Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды тарау. Мен сіздің президентіңіздің түрлі салалардағы реформаларға деген ұмтылысына да құрметпен қараймын», - деді Джеймс Клеверли.

Еске салайық, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли 18 наурызда Астанаға келген болатын. Мұнда ол Қазақстан Республикасының Президентімен, Премьер-Министрімен және басқа да министрлермен кездеседі. Сапар аясында елорда алаңдарының бірінде Елизавета II атындағы алаң ашу жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары