Бүгін Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшілігінің электронды поштасына белгісіз біреулер хат жолдап, ғимаратқа жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жалған хабарлама екенін мәлімдеді.
«Елшілік аумағынан жарылғыш зат табылған жоқ. аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жарылғыш зат туралы жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.