ІІМ қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды

Ulysmedia

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: polisia.kz

Polisia.kz-ның мәліметінше, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылғы 20 қыркүйекте қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Алматы қаласы Полиция департаментінің екі қызметкерінің отбасыларына мемлекеттік наградаларды тапсырды

«Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндеттерін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді», – деп атап өтті ІІМ басшысы.

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

«Бүгін мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды тапсыру үшін келдім, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.