Нұр-Сұлтанда карантин талаптары жеңілдетілді

Ulysmedia

Нұр-Сұлтан каласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментiнің ресми сайтында шектеу және карантиндік шараларды жеңілдету туралы бұйрық жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қаулыда жазылғандай, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған,  сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп оқуға болады.