Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағаны шарықтатты

Ғалиасқар Думан

Өткен айда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдеріне өндірушілер бағасы біршама қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өсімдік шаруашылығынан жылыжай қияры – 19,7%-ға, бидай – 2%-ға, картоп, мал азықтық дақылдар – 1,1%-ға, тары – 0,6%-ға, кептірілген жасымық – 0,4%-ға баға төмендеді. Жылыжай қызанақтарының өндіруші бағасы 3,1%-ға, ас қызылшасы мен сұлы 0,4%-ға өсті.

“Мал санатында наурызда өндіруші баға құс еті 4,1%-ға, шошқа 1,4%-ға төмендеді. Жұмыртқа 3,5%-ға, шикі сүт – 1%-ға, қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға өсті”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ,  мал шаруашылығы санатында өндірушілердің бағасы құс етіне – 4,1%-ға, шошқаға – 1,4%-ға төмендеді. Жұмыртқа – 3,5%-ға, шикі сүт – 1%-ға, қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға қымбаттады.

Айта кетейік, 2023 жылдың наурызында ақпан айымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1%, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер құны 0,8%-ға өсті.

Жалпы, бір жыл ішінде  азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер құны 15% өсті.

Өткен аптада Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлеген президент Үкіметке елдегі инфляцияны кемінде 2 есе төмендетуді тапсырды.