×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Түрмеде отырған экс-банкирден қомақты пара сұраған ҰҚК қызметкеріне үкім шықты

06.04.2023, 16:51
Жомарт Ертаев

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты алаяқтық жасағаны үшін ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкері Рабисұлтан Арысбаевқа үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, Рабисұлтан Арысбаев Алматы облысы бойынша ҰҚК Іле аудандық бөлімінің жедел уәкілі болып жұмыс істеген. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен сотталғандар арасында оның танысы көп болған.

Іс материалдарына сүйенсек, 2022 жылдың шілде айының басында Арысбаев сотталған экс-банкир Жомарт Ертаевтан жалпы қорғалу үшін 500 мың теңге талап ете бастаған. Экс-банкирдің өзі Заречный кентіндегі No14 колонияда жазасын өтеп жатыр.

ҰҚК қызметкері Ертаевқа жазасын өтеу кезінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға уәде берген, бірақ оның мұндай өкілеттігі болмаған. Алдымен Рабисұлтан Арысбаев Ертаевтан 500 000 теңге алды. Кейін ол "ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне аудару үшін" 10 мың долларға тең 4,8 миллион теңге талап еткен.

9 тамызда Жомарт Ертаев ҰҚК-не Рабисұлтан Арысбаевтың үстінен алаяқтық және шенеуніктерді пара беруге итермелеу фактісі бойынша шағым түсірген. Жедел қызметкерлер оның мәлімдемесін "әзірлеуге" кірісті.

ҰҚК қызметкері  Алматыдағы "Максима" сауда ойын-сауық кешенінің маңында 4,8 миллион теңгені аударып жатқан кезде сталды. Оқиға орнын тексеру кезінде ақша тәркіленді.

“Сот Рабисұлтан Арысбаевты кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ ол «Ұлттық қауіпсіздік капитаны» арнайы атағынан айырылды”, – деп мәлім етті сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары