Адвокат Бұрхан Жансейітовті қамауға алу мерзімі ұзартылды

Ulysmedia

Адвокат Бұрхан Жансейітовті қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 7 сәуірде сот шешімімен Ж.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, қамауда ұстау мерзімі бір айға, яғни 10 мамырға дейін ұзартылған.

Еске салайық, Жансейітовтің "құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін" ұсталғаны 15 шілдеде белгілі болды. Шілденің 14-і күні Алматыда белгілі бизнес құрылымдарын ұзақ уақыт бойы рейдерлік жолмен басып алумен айналысқан топтың іс-әрекеті тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Бұған дейін Ulysmedia.kz ақпарат көздеріне сілтеме жасап, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында Нұрбол Назарбаевтың адамдары бар екенін, ал адвокаттың өзі соңғысымен тығыз байланыста екенін хабарлаған.