Өткен тәулікте елімізде коронавирус пневмониясынан 6 адам қайтыс болды

Ulysmedia

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 179 адамнан анықталып, 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, коронавирус пневмониясынан 317 адам жазылды. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 76219 адамды құрап, 4850 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандар саны 63284-ке жеткен.