Сот митингке байланысты Рысбек Сәрсенбайұлына айыппұл салды

Ulysmedia

Сот 9 сәуірдегі митингке байланысты Рысбек Сәрсенбайұлына 172 000 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Бұған дейін Сәрсенбайұлы сайлау нәтижесіне қарсы митингке қатысқаны үшін полицияға шақырылған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тағы бір белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталды. Оның ұсталуын 9 сәуірде Алматыдағы Республика алаңында өткен митингпен байланыстырады.

Бір күн бұрын Мұхтар Тайжанның 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болған.

Сондай-ақ саясаткер Нұржан Әлтаевтың 15 тәулікке қамауға алынғаны хабарланды - оған заңсыз митингтерге шақырды деген айып тағылды. Саясаткер бір күн бұрын ұсталған мұнайшылар жатқан Астанадағы полиция бөлімшесіне келген. Сол жерден ол тікелей эфирге шықты.

Еске салайық, 9 сәуірдегі наразылық акциясын ОСК-ның ресми мәліметі бойынша сайлауда жеңілген экс-депутаттыққа үміткерлер – «Халық парламентінің» белсенділері ұйымдастырған. Олар өткен сайлауды жарамсыз деп тану және оның нәтижесін жою керек деп есептейді, өйткені дауыс беру көптеген заң бұзушылықтар мен бұрмалаулармен өтті.