Ақтауда полиция бастығының орынбасары қызметкерін ұрып-соқты

Ulysmedia

Желіде Ақтауда полицейлердің төбелесін көрсететін видео тарады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Видеоның сипаттамасында криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Шынболат Дәрібаевтың қарамағындағыларды соққыға жығып жатқаны айтылған.

Бақылау камерасының видеосы желіге тарап кетті. Төбелестің себебі әлі белгісіз.

Маңғыстау облысының полиция департаменті қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.